Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Алмас Кішкенбаев жаңа клип түсірді

Әншіліктен продюсерлікке, одан кейін тележүргізушілік пен ұстаздық! Бұл Алмас Кішкенбаевтың өнердегі жолы. Бірақ бірнеше кәсіпті игерем деп тыңдарманнан алшақтап қалғаны да жасырын емес. Бүгінде өнер иесі өзін халыққа танытқан әншілігін қайта қолға алып, жаңа клиптің түсірілімін бастап кетті.

Алмас жаңа бейнебаянда жүрегін жаралаған қызға тәтті тарту етуге асық, ғашық жігіттің образында. Клипте әнші жалғыз емес, 18 жастағы арудың сүйгенін сомдайды. Өнер иесі бұл жолы қалыптасқа стилінен алшақтауға тырысыпты.

Алмас Кішкенбаев: Менің бейнебаяндарымның арасында, дәл бұндай көңілді болмаған, көрермендер де біледі, өздеріңізде білесіздер, менің клиптерімнің барлығы мұңлы, бұл жолы образды әннің мінезіне байланысты сәл өзгертуге тура келді.

«НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасы!

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close